Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы», «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.
Басқарма басшысының ақпаратынша, мемлекет басшысының бұйрығы бойынша 2017 жылдан бастап алдағы бесжылдыққа 2021 жылға дейін жұмыссыз халыққа шағын кредит беру және жаппай оқыту бағыттары кірістірілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталды және өңделді. Бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады:
Бірінші бағыт – жаппай оқыту.
- техникалық және кәсіби оқумен 9-11 сынып бітірушілердің ҰБТ-дан өтпелі балл ала алмағандар санынан, сонымен қатар аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайда қалған жанұялар 2500 адамды құрады. Оқу мерзімі мамандыққа байланысты 2,5 жылдан басталады. Оқыту еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие 23 колледжде (16 – мемлекеттік, 7 – жекеменшік) жұмыс мамандықтары бойынша (көлік темір шебері, қырнаушы, электрші, электр жөндеуші, газэлектр дәнекерлеуші, құрылыс ағаш ұстасы, мұздатқыш құрылғыларды жөндеуші, жалпықұрылыстық жұмыс ұстасы және басқалары) ұйымдастырылған.
Ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс мамандықтары бойынша кәсіби-техникалық оқуға 2500 адам жинау жоспарлануда. (Аталған бағыт Білім басқармасымен жүзеге асырылады).
2017 ж. 495,8 млн. теңге, 2018 ж. оқитындарға шәкіртақыны (16759 теңге), жолақысы және ыстық тамақ үшін материалдық көмекті қоса есептегенде – 1 981,9 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы көрсетілген бағыт жалғасын табады, оқумен 1000 адамды қамтуды жоспарлаймыз (туристік агент, шет тілін меңгерген экскурсия жетекшісі, туризм бойынша нұсқаушы, сақтандыру агенті, сатушы, аспаз, кондитер, есепші, шаштараз, электрші, байланыс жөндеушісі, кабельші, автоэлектрші, автокескіндеуші, байланыс операторы және т.б.)
2017 ж. 368,8 млн. теңге, оқитындарға (16759 теңге) шәкіртақы төлемін қоса есептегенде 2018 ж. – 70 млн. теңге бөлінді.
Екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлік.
Сонымен қоса, 2017 жылы Алматы қаласының жұмыссыздары мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 6% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 18 млн.теңгеге дейін шағын кредиттер берілді. Бұл шарамен 43 адам қолданды, оларға 662 млн.теңге сомасында шағын кредиттер берілді. Шағын кредиттер алу жұмыссыздарға өзінің жеке ісін ашуға мүмкіндік берсе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға – бизнестерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жұмыссыздардың шағын кредиттерді алудың бірден-бір шарты, қала Кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылған кәсіпкерлік негіздері курстарын өту болып табылады.
Ағымдағы жылда 150 шағын кредиттер беру жоспарланды, 1 122 млн.теңге бөлінді.
Одан басқа, ағымдағы жылда 100 АЕК-ке дейін бастапқы бизнестерін жүзеге асырушы немесе жүзеге асыруды жоспарлап жүрген жұмыссыздарға, төлеусіз және қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқу курстарын өту талап етіледі және басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау көрсетілмегендерге беріледі. Мемлекеттік гранттар қажетті мүлікті, еңбек құралдарын, технологиялық құрылғыларды алуға жұмсалады ,- деп хабарлады басқарма басшысы Мейіржан Батырбекұлы.